Белгілі әнші Димаш Құдайберген «Аққуым» әніне жазылған клипінің тизерімен өзінің инстаграмдағы парақшасында таныстырды.
«8 наурызға менен кішігірім тосын сый. Жуырда…», – деп жазды әнші өзінің парақшасында.
Еске салсақ Димаш бұған дейін «Аққуым» әніне клипін Украинада түсіретіндерін жариялаған.
«Украинаға ұшып келдік. Кеше «Аққуым» әнінің клипін түсіріп біттік», -деген болатын әнші бұған дейін.