29-01-19 |
4760 рет қаралған
Димаш Құдайберген қытайдағы этникалық қазақтар мәселесіне қатысты: «Егер менің қолымнан келгенде бәрін берер едім».
Димаш Құдайберген қытайдағы этникалық қазақтар мәселесіне қатысты: «Егер менің қолымнан келгенде бәрін берер едім»

Астанада Димаш Құдайбергеннің жуырда өтетін «Арнау» жеке шығармашылық концертіне байланысты жиын өтті. Жиында әнші өзініңі жоспарларымен бөлісіп, шығармашылығына қатысты біраз ақпарат айтты. Шараға қатысқан журналистердің бірі оған Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесіне байланысты сұрақ қойған еді:

– Сіз әлемдік танымалдылыққа Қытай арқылы жеттіңіз. Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесі туралы білесіз бе? Олардың мәселесін көтеру ойыңызда бар ма?

– Әрине әлемнің қай түкпірінде болмасын, жаны қазақ деп, қаны қазақ деп соғып жатқан бауырларымыз, өзіміздің ағайындарымыз және ол кісілдердің тағдырлары біз үшін ешқашан да қызықсыз болып қалмайды. Егер менің қолымнан келгенде бәрін берер едім. Сөздің шынына келгенде. Бірақ мен үлкен халықаралық деңгейдегі дипломат емеспін. Менің қолымнан тек қана ән айту келеді. Мен тек әншімін. Мен өзімді қазір тек әнші есебінде көріп бұл мәселе бойынша алаңдамай жатыр деп ойламаңыздар. Мен де барынша бұл сұрақтың тезірек шешілгенін қалаймын. Бірақ мен саясаттағы үлкен тұлға емеспін. Мен әншімін.

Еске салсақ, Қытай этникалық азшылық топ өкілдерін саяси лагерьлерге топтап қамайтыны жайлы Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары дабыл қағып айтып жатыр. Бұл турлі баспасөз өкілдері де жазып келеді.  Бейресми дерек бойынша Қытайда бір жарым миллионнан аса этникалық қазақ бар. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.