arasha.kz

Димаш «The Worlds Best» байқауын ең жоғарғы ұпаймен ашты (видео)

АҚШ-та басталған ірі шоу-бағдарламалардың бірі «The Worlds Best» жобасына қатысып жатқан қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберен алғашқы орындаған әні үшін жоғары ұпай алды.

100 ұпайдың 98 иемденген Димаш қуанышымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті:

«Бүгінгі эпизодты ең жоғарғы ұпаймен тәмамдадық.Менің әр азды көпті жеңістерім елім үшін,тыңдармандарым Dears үшін. Барша мені қолдап отырған Dears сіздерге мың алғыс. Келесі айналымда CBS арнасында жүздескенше.WELCOME TO KAZAKHSTAN 🇰🇿 ALGA KAZAKHSTAN!»

Димаштың әнін тыңдаған шоуға қатысушылар оған орындарынан тұрып қошемет білдірді. Қазылар мен көрермендердің кей біреуі тіпті көздеріне жас алды.

Димаш байқауда «S.O.S d’un terrien en détresse» әнін орындады.

https://www.youtube.com/watch?v=LLi2dVY82fE

 

Exit mobile version