Саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің үкіметті отставкаға кетіру туралы мәлімдемесіне пікір білдіріпті.
«Үкіметтің отставкаға кетуі туралы президенттің мәлімдемесі классикалық схемаға сәйкес келеді: «Патша жақсы, уәзірлер жаман» («Хороший царь. Бояре плохие»). Наразылық көңіл-күйді ұқыпсыз шенеуніктерге бұру бұрыннан жасалып келе жатқан политтехнология. Жарылайын деп тұрған «бу пешін» Ақордада расымен де көрді ме? Шенеуніктерді ауыстырады, ал «бу пеші» қаз-қалпында қалады. Ал мәлімдеменің соңы тура сайлауалды платформасы сияқты», -деп жазыпты Д. Сәтпаев.