Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Марат Әзілханов және Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Асылжан Мамытбеков қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.
«Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды» деп жазылған ақпарат көзінде.