Біз
әлеуметтік
желіде
28-06-25 |
80 рет қаралған
ЭКСПО-ғы шар 1 шілдеден бастап Цифрлық даму министрлігіне өтеді.
ЭКСПО-ғы шар 1 шілдеден бастап Цифрлық даму министрлігіне өтеді

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев ЭКСПО аумағындағы Nur Alem танымал шар нысаны Цифрлық даму министрлігінің қарамағына өтетінін мәлімдеді. «KazExpoCongress» компаниясын министрлікке беру туралы үкімет қаулысы 2025 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Жаслан Мадиев бұл қадамның мақсаты – ел астанасының орталығында инновациялық кластер құру екенін атап өтті. Бұл кластер ұлттық экономиканың дамуына маңызды үлес қосатын болады.

«Бізде ЭКСПО қалашығын одан әрі дамытуға қатысты жоспарлар бар. Яғни, біз оны экономикамыздың дамуына инновациялық үлес қосатын, экспоненциалды кластер болатын инновациялық қалашыққа айналдыруды көздеп отырмыз», – деді министр.

Қазіргі таңда «Шардың» ішінде қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық экспонаттар арнайы мұражайларға көшірілген. Алдағы уақытта бұл нысан заманауи жасанды интеллект орталығына айналады. Оның негізінде жұмыс істейтін басты жоба – Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы. Бұл орталық инновациялық экожүйе құруға бағытталады.

Мадиевтің айтуынша, жобаны қаржыландыру республикалық бюджеттен жүргізілмейді. Оның орнына қаражат демеушілік бастамалар мен тұрақты бағдарламалар арқылы тартылады. Сонымен қатар, министрлік жобаны еліміздің басқа өңірлеріне кеңейтуді жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.