07-02-24 |
2170 рет қаралған
Елімізде электронды лездік лотереяны сату дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды.
Елімізде электронды лездік лотереяны сату дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды

Республика бойынша электронды лездік лотереяны сату дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Туризм және денешынықтыру министрлігі хабарлады.

«Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Алайда, министрлік кейбір жерлерде «Lotomatic» «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс жасауы мүмкін екенін ескертеді.

«Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған «Lotomatic» киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз Министрліктің Telegram (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралатын болады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады», – деп қосты министрліктен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.