Қазақстанда бала туғаны үшін ипотекасын жауып беру ұсынылды, – деп хабарлайды arasha.kz ақпараттық сайты Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.
Мұндай ұсынысты Сенаттың дөңгелек үстелінде «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Тоқтар Болысов ұсынды. Оның айтуынша, көпбалалы аналарға жөргекпұлды бірнеше есе көбейтіп, өңірдегі орташа есептегі жалақымен теңестіру қажет.
«Жас отбасы ипотекалық несие немесе ипотекалық несие алғаннан кейін, бірінші бала туған кезде несие мөлшері 25 пайызға төмендесін. Екінші бала туғанда – тағы да 25 пайызға дейін. Үшінші туған кезде тағы 25-ке. Төртінші бала туған кезде, отбасы көп балалы болып саналған уақытта, қарызды мемлекет толығымен өтейді», – деп ұсынды Болысов.
Алыпсатарлықтан және тым қымбат пәтер сатып алудан аулақ болу үшін ол осы бағдарламаны отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метр пайдалы тұрғын үй алаңын шектеуді ұсынды.
«Алғашқы екі тармақты іске асырғаннан кейін ата – аналардың жауапкершілігі саласындағы заңнаманы қатаңдатып, көп балалы отбасылар үшін жағдай жасалғаннан кейін балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қатаң бақылауды бастау керек», – деді ол.
Сондай-ақ, мектептерде психологтарды дайындауға қатысты ұсыныс болды. Болысов психологтардың біліктілік деңгейі өте төмен екенін мәлімдеді және білім беру мекемелерінде психологтардың мәртебесі мен оқуын қайта қарап, үздік әлемдік тәжірибелерді қабылдау қажеттілігі туралы мәлімдеді. «Тек сол кезде ғана біз жастар арасындағы қылмысты төмендете аламыз», – деп түйіндеді ол.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz