Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға іссапармен келмейтіні белгілі болды. Осыған дейін Түркия президентінің 30-31 наурыз күндері қазақ бауырларымен кездесетіні туралы айтылған еді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Режеп Тайып Ердоған наурыз айының соңында Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысуы керек еді.
«Президенттің Қазақстанға 30-31 наурызға жоспарлаған сапары тоқтатылды, ол Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнеконференция режимінде қатысады», – делінген түрік лидері әкімшілігінің хабарламасында.
Алайда жоспарларының өзгеру себебі аталмапты. Еске салайық, бұған дейін түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммиті Түркістанда өтеді деп хабарлаған еді. Оған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысатыны да мәлімделген.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024