28-01-19 |
2000 рет қаралған
Ипотеканы доллармен алғандарды қарыздан босатуы мүмкін.
Ипотеканы доллармен алғандарды қарыздан босатуы мүмкін

Ипотеканы доллармен алғандарды қарыздан босатуы мүмкін. Олардың берешегі 3 млрд-қа жеткен, бірақ барлық азаматтар қарыздан босатылмайды деп хабарлайды «Араша» сайты «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлттық банкте 1 және 2 топтағы мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен ата-анасынан банктік қарыз мұраға қалған кәмілет жасына толмаған азаматтарға осындай жеңілдік жасау ұсынылған.

Қазіргі уақытта 561 азамат денсаулығы мен жасының ұлғайғандығына байланысты банк алдындағы қарызын төлеуге қауқарсыз. Бұл адамдар теңге құны тұрақты болып тұрған кезде баспана алу немесе бизнес ашу үшін банктен доллармен несие алған, алайда елде экономикалық жағдай өзгеріп, олардың қарыздарының көлемі де өскен. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.