29-09-20 |
1610 рет қаралған
ЭКСПО-ны ұстап тұруға 23 миллиард теңге бөлінбек.
ЭКСПО-ны ұстап тұруға 23 миллиард теңге бөлінбек

Қазақстандық БАҚ бюджеттің 23 миллиард теңгеден астам қаржысы «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ-на (бұрынғы «Астана ЭКСПО-2017») аударылады деген ақпарат таратты. Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасына сәйкес, бұл қаражат сауда-экономикалық әріптестік пен халықаралық экономикалық интеграцияны арттыру мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өткізуге жұмсалмақ. Бұған байланысты белгілі саясаткер, бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев фейсбукте мынандай пікір жазды: «ЭКСПО бюджеттің ақшасын әлі ұзақ уақыт жейтін болады. Бұл афераны ойлап тапқан адам алысқа қараған екен». Қазбек Бейсебаевтің постын басқа оқырмандар да қолдады. «Сонда ЭКСПО-ны біздің шенеуніктер ведомствоаралық кездесу өткізу үшін салған ба? Оның құрылысына 3,5 млрд. доллар кетті. Байқұс шенеуніктер-ай, егер ЭКСПО-ның қаңырап тұрған ғимараттары болмаса кездесуді қайда өткізер еді?»,-деді оқырмандардың бірі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.