Ситер отбасында орын алған қайғылы жағдайдан кейін «көпбалалы отбасына бір бөлмелі пәтер сыйға тартамын» деген астаналық кәсіпкер Жандар Садықов уәдесінде тұрды. Ол жеті баласы бар Қарабаевтар отбасына пәтер кілтін табыстады.
«Қарабаевтар отбасын жаңа пәтерлерімен құттықтаймыз! Жаңа үй бұл отбасыға тек бақыт пен береке әкелсін! Менің эстафетамның басты мақсаты – адамдарды мейірімді болуға үгіттеу. Пәтерге зәру барлық жандардың жақын арада өз шаңырақтарында отыруларын тілеймін! Болашақта көмекке зәру бірнеше отбасына сыйлық сыйлағым келеді. Сондай-ақ, Қарабаевтар отбасының пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, орналастыру керекпін»,-деп жазған ол желідегі парақшасында.
Ол видео үндеуінен кейін өзін «алаяқ», «хайп жасағысы келеді» деп айыптағандардың да болғанын айтты.
«Менің бұл әрекетімді «алаяқтық», «хайп» деп бағалап, бәрі жарнама үшін дегендерге айтарым бар: уәделерімнің бәрін орындадым. Мейірім эстафетасын осымен аяқтаймын. Әрекетім көптеген адамдардың жақсы іс жасауына шабыт береді деп сенемін!»,-деген кәсіпкер.
Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Жандар Садықов есімді жас кәсіпкер «Мейірім эстафетасын» жариялап, желіде видео-үндеу жариялаған еді. Онда ол өзінің жеке кәсібінен түскен табыс үлесінен, пәтер жалдап жүрген көпбалалы отбасына көмек көрсетуге дайын екенін жариялаған. Сондай-ақ, басқа да отандық кәсіпкерлер мен мейірімді жандарды мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырған.
Дереккөз: holanews.kz
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024