04-03-19 |
1240 рет қаралған
Канадалық спортшы А. Полторанинді «медалімді ұрлады» деп айыптады.
Канадалық спортшы А. Полторанинді «медалімді ұрлады» деп айыптады

Канадалық шаңғышы Алекс Харви допинг пайдаланды деп айыпталып отырған Алексей Полторанинді  «медалімді ұрлады» деп айыптады деп жазады шведтік Expressen басылымы.

«Ол менің медалімді ұрлады. Допинг пайдаланатын спортшылар біздің меделімізді ұрлағаны өте өкінішті. Мен әрқашан біздің спорт түрінде алаяқтық жасау мүмкін емес деп ойлайтынмын. Бұл бәрі аяғыңа байланысты болатын веложарыс емес. Бізде физикалық формадан бөлек шаңғы да бар, технология да өте маңызды», – дейді А. Харви, 15-ші Әлем Кубогынан кейін.

2013 жылы Әлем Кубогында Канада 4-ші, ал Қазақстан  3-ші орны алған екен. Ол командада А. Полторанин, Николай Чеботько болған.

Сонымен қатар А. Харви антидопингтік жүйені сынға алып, Халықалалық шаңғы спорты федерациясы (FIS) өзінің антидопингтік жұмысын қайта қарастырғаны жөн екенін айтты.

«Иә, мені оларды (допингпен ұсталғандарды) FIS немесе WAD емес, полиция ұстады. Бұл дегеніміз олар нашар жұмыс істейді деген сөз. Көбірек жұмыс істеулері керек», – деді канадалық спортшы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.