Біз
әлеуметтік
желіде
10-06-25 |
2490 рет қаралған
Касенов: Freedom туралы жазған соң қысым басталды.
Касенов: Freedom туралы жазған соң қысым басталды

МИА KazTAG бас редакторы Амир Касенов агенттіктің Freedom Holding Corp. құрылымына және оның негізін қалаушысы Тимур Турловқа қатысты жариялаған резонанстық материалдарынан кейін өзіне және редакцияға қарсы жала жапқан шабуылдар мен қысым әрекеттері басталғанын мәлімдеді.

«Құрысын атақ! Даңқ күтпеген жерден келді… Мұндай жағдайларда кейбіреулердің жала жапқаны кез келген жақсы пікірден артық деп жатады ғой. Қоғам алдында жауап беруге дәті жетпеген соң, анонимді қоқыс сайттарға тапсырыс бере бастаған сияқты», — деп жазды Касенов Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, жалған ақпараттар Қазақстан юрисдикциясынан тыс шетелдік домендерде жарияланып, ресейлік арнайы қызметтермен байланысы бар Telegram-арналар арқылы, әсіресе «ВЧК-ОГПУ» каналы арқылы таралып жатыр. Бұл — Қазақстаннан тыс жерде орналасқан мүдделі құрылымдардың қатысы бар болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Касенов сондай-ақ KazTAG жариялаған барлық материалдардың ресми сұрау хаттары мен мемлекеттік органдардың жауаптарына негізделгенін, ал редакция әлі де түрлі қорқытулар алып отырғанын айтты.

Қалай басталды?

2024 жылдың наурызынан бастап KazTAG редакциясы Freedom Finance қызметіне қатысты бірқатар тергеу материалдарын жариялап келеді. Атап айтқанда:

  • Компания ішкі тексерісінде топ-менеджер Виталий Световойдың клиенттер ақшасын өз шотына аударып, жеке мақсатта пайдаланғаны анықталған
  • Световой қамауға алынды, оған бірнеше қылмыстық іс қозғалды
  • Жәбірленушілер бұл әрекеттерге Турловтың өзі де қатысы бар деп мәлімдеді
  • Өзбекстандағы бөлімше басшысы Темерлан Беков та қылмыстық тергеуде

Офшорлар және қаржылық пирамида белгілері

  • Адвокаттар мен жәбірленушілердің айтуынша, Freedom Finance қаржы пирамидасы тәрізді әрекет еткен, ал қаражат офшорларға шығарылған
  • Адвокат Светлана Оралбаева Турловты МММ құрған Сергей Мавродимен салыстырды
  • Световойға сеніп ақшасын берген бір азамат өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады KazTAG.

Қосымша тергеулер

  • KazTAG материалдарында AKASHI Data Center PLC кеңсесінде жүргізілген тінтулер туралы да айтылған, бұл жобаның бенефициары — Тимур Турлов
  • Жоба серіктесі Станислав Машагин — Ресейден қаражатты шығару ісінде күдікке ілінген тұлға
  • «ВестаСтройСервис» ЖШС — AKASHI-мен байланысы бар құрылыс мердігері тағы бір алаяқтық ісінде аталды.

Freedom үнсіз, жәбірленушілер наразы

  • Freedom Finance және Турловтың өзі ондаған ресми сұрауға жауап бермеген
  • Жәбірленушілер ақшаны заңсыз шегеру, «бақыт хаттары» деп аталатын күмәнді түсіндірмелер туралы айтып жатыр
  • Баспасөз жиындарына шақырылған мемлекеттік органдардың өкілдері келмеген.

Каппарова мен зейнеткерлер — Тоқаевқа үндеу жолдады

  • Жанна Каппарова «Ескі Қазақстанның құрбандары» форумында сөйлеп, анасы Freedom Finance кеңсесі арқылы инвестициялаған қаражаттың бір тиыны да АҚШ нарығын көрмегенін айтты
  • 84 жастағы Аида Лукьянова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Турловтың қызметіне тосқауыл қоюды сұрады

Касеновтың сөзінен үзінділер:

«Freedom пен Турлов туралы жаза бастайсың, сені «ресейлік дереккөздер» жамандай бастайды. Біреулер үшін қаржы былығының беті ашылғаны тиімсіз болса керек».

«Мен еліміздегі ең принципті, сатылмайтын журналистердің бірімін… KazTAG ешқашан жалған ақпарат таратпайды, ақша үшін тақырып жазбайды, тапсырыспен жұмыс істемейді. Егер біз жазсақ, демек қоғам білуге тиіс».

Касенов Турлов Казтаг

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.