24-01-24 |
7540 рет қаралған
Kaspi.kz АҚШ-та IPO өткізді.
Kaspi.kz АҚШ-та IPO өткізді

Қазақстандық ірі технологиялық Kaspi.kz компаниясы Apple, Amazon, Google сынды бүкіл әлемге танымал инновациялық компаниялар орналасқан АҚШ-тағы NASDAQ биржасында IPO өткізді. Apple, Amazon, Google сынды бүкіл әлемге танымал инновациялық компаниялар орналасқан. Kaspi.kz-тің АҚШ-тағы IPO-сы өткен жылдың қазан айынан бергі ең ірі және 2024 жылы алғашқылардың бірі болды.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы:

«Нью-Йорктің ортасындағы Time Square-де Қазақстанның үлкен жалауы желбірегенін көргенде кеудемізді кернеген мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу қиын. Біз сіздермен бірге Қазақстанды жаңа деңгейге көтердік, Қазақстанды әлемдік инновация картасына енгіздік және әлемнің көптеген елдері, компаниялары мен инвесторлары үшін үлгі болдық.

Kaspi.kz дамуында жаңа кезең басталды. Енді бізде сіздердің әрқайсыңыздың және ел алдында бұдан да үлкен жауапкершілік тұр. Біздің сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет! Бізді бұдан да үлкен жетістіктерге шабыттандыра беріңіздер. Біз өз тарапымыздан адамдардың өмірін жақсартатын және Қазақстанның дамуына үлес қосатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастыруға уәде береміз!».

Вячеслав Ким, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және директорлар кеңесінің төрағасы:

«Kaspi.kz тарихы Қазақстанмен, елімізде тұрып, жұмыс істейтін адамдармен тығыз байланысты. АҚШ-тағы IPO кезінде біз инвесторларға Қазақстан туралы көп айттық. Көптеген ірі инвесторлар Қазақстандағы мемлекеттің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылып жатқан цифрландырудың ерекше қарқынмен дамуын бұрыннан бақылап келеді. Kaspi.kz-тің Америка нарығына сәтті шығуы – инвесторлар үшін Қазақстанға және қазақстандық компанияларға инвестиция салуға тағы бір белгі екеніне сенімдіміз».

Кэрен Сноу, NASDAQ жаһандық орналастыру жөніндегі жетекшісі:

«Kaspi.kz 17 жыл бұрын Қазақстанда, Алматыда құрылғалы бері компания халықтың өмірін жақсартуды өзінің миссиясына айналдырып, цифрландыруға орасан зор үлес қосты.

Kaspi.kz суперқосымшасы электронды коммерция, саяхат, азық-түлік, төлемдер, QR-кодпен төлеу және мемлекеттік қызметтерді ұсынып, қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды және әлемдегі басқа қосымшалармен салыстырғанда қолдану бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие. Сіздің командаңызды құттықтаймыз. NASDAQ Kaspi.kz-пен серіктес болғанын мақтан тұтады және Қазақстаннан АҚШ-та толыққанды IPO жасаған бірінші компанияны қарсы алады».

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Компания инновациясының негізінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 14 миллионнан астам адам қолданатын Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен біздің клиенттеріміз төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады және жеткізу қызметімен тиімді онлайн зат сатып алады, мемлекеттік қызметтерді алады және басқа да көптеген күнделікті мәселелерді шешеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.