Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның ең беделді және тарихи университеттерінің бірі болып табылады. Бұл оқу орны тек еліміздің білім беру жүйесінің жетекші орталығы емес, сонымен қатар болашақ көшбасшыларды тәрбиелейтін мекен ретінде танымал. ҚазҰУ бүгінгі күні Қазақстанның барлық аймақтарынан және шетелден келетін студенттер үшін сапалы білім мен саналы тәрбие беретін орын ғана емес, сонымен қатар жастардың кәсіби өсуі мен дамуы үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді ұсынатын оқу ордасы болып табылады.ҚазҰУ өз тарихында мыңдаған мамандарды даярлап, көптеген салаларда еліміздің дамуына үлес қосқан түлектерді шығарып отыр. ҚазҰУ-дың әрбір түлектері тек білім саласында ғана емес, қоғамдық өмірде, саясатта, экономикада, ғылым мен өнерде жоғары деңгейде жетістікке жеткен тұлғалар болып табылады. Бұл университет көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған білім беру жүйесі арқылы Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесін қосуда.
ҚазҰУ студенттері үшін арнайы көшбасшылық клубтары мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Бұл клубтар студенттерді басқару дағдыларын дамытуға, ұйымдастыру қабілеттерін арттыруға және командалық жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, ҚазҰУ-да студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында түрлі пікірталас клубтары, волонтерлік топтар, шығармашылық ұжымдар мен ғылыми зерттеу жобалары ұйымдастырылады. Студенттер осындай ұйымдар арқылы көшбасшылық тәжірибесін жинақтап, әлеуметтік жобаларда белсенділік танытады. ҚазҰУ студенттеріне шетелде білім алу және халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктері мол. Студенттер түрлі халықаралық университеттер мен ұйымдармен әріптестік орнатып, шетелдік тәжірибені өз елдерінде қолдануға мүмкіндік алады. Бұл тәжірибе болашақ көшбасшыларға халықаралық деңгейде жұмыс істеу, басқа мәдениеттермен танысу және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігін береді.
Студенттердің белсенді өмірі олардың болашақ көшбасшы ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Университет қабырғасында алған тәжірибе мен дағдылар түлектердің кәсіби мансабында маңызды рөл атқарады. Белсенді жастар болашақта қоғамның әртүрлі салаларында білікті маман, көшбасшы және елдің дамуына үлес қосатын азамат болады.ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі – олардың шығармашыл, білімді және жауапты тұлға ретінде дамуының жарқын дәлелі. Оқу ордасы тек білім беріп қана қоймай, жастардың жан-жақты дамуына, қоғамға пайдалы істер атқаруына және өз болашағын сенімді түрде қалыптастыруына мүмкіндік береді.Әрбір ҚазҰУ студенті – болашақтың жарқын көшбасшысы. Олардың белсенді өмірі Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне жаңа серпін береді.
Сулейменова С.Ж
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі,заң ғылымдарының докторы, профессор