01-11-20 |
1510 рет қаралған
Кимнің ату жазасына кесілген көңілдесі көпшіліктің алдына шықты.
Кимнің ату жазасына кесілген көңілдесі көпшіліктің алдына шықты

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын көпшіліктің алдына бұрынғы көңілдесі Хен Сон Вольмен шықты. 43 жастағы әншінің ресми сапарлар мен әскери шеруде төрағаның жанында жүргенін thetimes.co.uk сайты жазды. Шетелдік журналистердің хабарлауынша, ол Ким Чен Ынның атқосшылық қызметтерін атқарған. Бұрын бұл міндет көшбасшының кіші қарындасы Ким Е Чжонның еншісінде болатын. Солтүстік Корея мен Ким әулетінің өмірін назардан тыс қалдырмайтын батыстық басылымдар төрағаның некедегі әйелі Ли Соль Чжудың көрінбей кеткенін айтады. Елдің бас бикесі соңғы рет 5 қаңтарда күйеуімен Пхеньян театрында жаңа жылдық қойылымды тамашалаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Хен Сон Воль ату жазасына кесілді деген ақпарат тарады. Елдің бірнеше әртісіне порнография өнімдерін таратты деген айып тағылып, олар пулеметпен атылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.