Колесниковаға «билікті күштеп басып алуға және конституциялық құрылымды өзгертуге шақырды» деген айып тағылды. Бұл жайында оппозиционердің адвокаты Людмила Казак мәлімдеді. Қорғаушы тергеу абақтысында отырған Мария Колесниковамен жүздескен. «Марияның жағдайы жақсы, ешқандай процессуалдық әрекеттер жасалған жоқ», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, оппозиционерді Беларусь билігі жуықта елден күштеп шығармақ болған. Алайда, Колесникова шекарадан өтер кезде төлқұжатын жыртып, елде қалды. Қазіргі уақытта үйлестіру кеңесі президиумына мүше жеті адамның алтауы елден күшпен шығарылды немесе қамауға алынды деген тұспалдар жасалуда. Бостандықта жүрген тек Нобель сыйлығының иегері Светлана Алексиевич. «Билікті күштеп басып алуға шақырды» деген айыппен Максим Знак, оның адвокаты Дмитрий Лаевский және Колесникованың бұрынғы адвокаты Илья Салей де қазір тергеліп жатыр.