Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 6 наурызда таратқан дерегіне қарағанда, коронавирус 85 елге тарап, 90 мыңнан астам адамға жұқса, оның 80 мыңдайы Қытайда тіркелген. Бір күнде Қытайда коронавирусты 143 адам жұқтырып, инфекциядан 23 адам қайтыс болға. Ал 53,7 мың адам айыққан.
Қытайдан сырт елдерде 14,7 мың адам вирусқа шалдықса, бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 2098 жеткен.
Коронавирус көп тараған елдердің ішінде Қытайдан кейін Оңтүстік Корея тұр. Ол елде вирус 6 284 адамға жұғып, 42 адам көз жұмған. Оңтүстік Корея эпидемиология қаупін жоғарғы деңгейге көтеріп, елде мектеп және мектепке дейінгі мекемелер 23 наурызға дейін жұмысын тоқтатқан.
Үшінші орында Италия. Онда вирус жұқтырғандар 3858 адамға жетіп, 148 адам қайтыс болған.
Төртінші орында Иран. Ол елде инфекциядан 107 қаза болып, вирусты жұқтырғандар 3 513 жеткен. Ал Жапонияда вирус жұқтырғандар 1054 жетіп, 12 адам көз жұмған.
Бір тәулік ішінде Босния және Герцеговиня, Гибралтар, Венгрия, Словения елдерінде коронавирус тіркелген.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024