12-01-21 |
2090 рет қаралған
Коронавирустың «Британдық» штаммы Қазақстанға қауіпті ме?.
Коронавирустың «Британдық» штаммы Қазақстанға қауіпті ме?

Коронавирустың «Британдық» штаммы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынының бастауы болуы мүмкін деп хабарлайды arasha.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирустың «Британдық» штаммы әлемнің 40- астам елінде анықталған. 2020 жылдың қыркүйек айында Ұлыбритания астанасы Лондонда пайда болған коронавирустың жаңа түрі тез қарқынмен әлемге жайылып барады.

Wellcome Trust қоры мен Базель университеті қызметкерлерінің пікірінше, бұл құбылысты тек қатаң шектеу шаралары тоқтата алады.

B.1.1.7 штаммы әдеттегіден 50-70% жұқпалы болып келетіндігі белгілі. Ғалымдар аталған штаммның адам денсаулығына қауіптілігі әлі дәлелденбегеніне қарамастан, оның жоғары жұқпалылығы алаңдаушылық туғызады.

Мутация таралған елдерде қайғылы гипотеза қазірдің өзінде расталуда. Ирландияда COVID-19 жұқтырғандардың төрттен бірінде B.1.1.7 штаммы анықталған. Данияда да осындай жағдай орын алуда.

Сонымен қатар, ғалымдар Оңтүстік Африкада пайда болған B.1.351 деп аталған жаңа мутациясына зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.