Біз
әлеуметтік
желіде
24-05-25 |
130 рет қаралған
Қытайдан Астанаға қарай LRT пойыздары жолға шықты.
Қытайдан Астанаға қарай LRT пойыздары жолға шықты

Қытайдан Астанаға LRT-нің алғашқы екі құрамы жөнелтілді. Вагондар Астанаға 2025 жылғы маусым айында келеді.

«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, пойыздарды тиеу рәсімі өндіріс орны орналасқан Қытайдың Таншань қаласында өтті.

Қалған 17 бірлік 2025 жылдың соңына дейін жеткізіледі. LRT желісінің сынақ режімінде іске қосылуы қыркүйек айына жоспарланған.

«Жоба аясында Таншань қаласындағы зауытта барлығы 19 жылжымалы құрам жасалады. Төрт секциялы, заманауи, төртінші деңгейлі автоматтандырылған (жүргізушісіз) пойыздар әрқайсысы 650 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Өндіріс 1881 жылы негізі қаланған, Қытайдағы ең ірі әрі көне теміржол кәсіпорындарының бірі – CRRC Tangshan зауытында жүзеге асырылып жатыр», – деп хабарлады «City Transportation Systems».

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.