Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтетіндігін жариялағаннан бастап, әлеуметтік желілерде осы тақырып қызу талқыланып жатыр. Желіде қай кандидаттың аты көбірек аталуда, ел сайлау туралы қандай пікір айтады, қай тілде деген сұрақтарға Исатай Минуаров жауап іздеп, medium.com сайтына жариялапты.
Автор Тоқаевтың телевизиялық үндеуі БАҚ-та көптеп жарияланды дейді. Қасым-Жомарт Тоқаев және кезектен тыс президент сайлауы туралы 6329 рет айтылыпты.
Мақалада Facebook, Twitter, ВКонтакте, Instagram, YouTube әлеуметтік желілеріне 9-12 сәуір аралығында қазақстандық қолданушылардың жариялаған қазақ және орыс тіліндегі жазбалар зерттелгендігі айтылған.
Автордың жазуынша, деректер қолмен өңделген және кілт сөздерді табуда автоматтандыру әдістері қолданылды.
Кілт сөздерді жазу арқылы іздеу нәтижесінде 7 мыңға жуық желі қолданушысының 8810 хабарламасы тіркелген.
Мерзімінен бұрын сайлау туралы мәлімдеме айтылған күні (9 сәуір) ең көп, яғни — 4440 жариялым болған. Келесі күндері хабарлардың саны төмендегені байқалады: 10 сәуір — 2159, 11 сәуір — 1322, 12 сәуір — 889 жариялым.
Қазақ тіліндегі хабарламалар үлесі айтарлықтай аз деген қорытындыға келген автор. Зерттеуге сәйкес, орыс тілінде 4934 хабарлама жарияланды, ал қазақ тілінде — 3876.
Зерттеуде желі қолданушыларының сайлауға қатысты пікірлері де анықталған. Сандар көрсеткендей желі қолданушыларының позитивті, яғни оң көзқарасынан көрі негативті, теріс пікірі көбірек байқалады: оң көзқарастағы жазбалар — 37,6%, бейтарап — 16,5%, теріс — 45,9%.
Президенттік қызметінен кеткеніне қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаевтың аты әлеуметтік желілердің барлық түрінде ең көп аталады (1607 рет кездеседі). Ал Тоқаевтің есімі 1094 рет жазылып, Сенат спикері Дариға Назарбаеваның аты 547 мәрте аталған екен. Желіде аты көп аталғандардың төрттік рейтингін саясаткер Иманғали Тасмағамбетов (187 рет) жапты. Иманғали Нұрғалиұлын қазақ тілді аудитория көбірек әңгіме қылады екен. Сондай-ақ сайлау тақырыбына қатысты іздеу салғанда да саясаткер Тасмағамбетовтың аты жиі аталады екен.
Фейсбук Қазақстандағы ең саясиланған әлеуметтік желі екені тағы да анықталды деп жазады автор. 9-12 сәуір аралығында осы сегментте әртүрлі пайдаланушылардан 5611 жарияланым тіркелді (спам-боттар, ақпараттық агенттік жаңалықтары, аналитикалық құндылығы жоқ Жарияланымдар есепке алынбады).
Әрбір бесінші пайдаланушы — ВК пайдаланушысы (1693 хабарлама), барлығы Твиттер 750 автордан болды, Instagram пайдаланушылары 523 жарияланым жасады. Ал YouTube видеохостингінде 112 материал жарияланды. Автордың пікірінше, бұл қазақстандық интернет үшін өте үлкен сан екен.
Сосын тағы жарияланымдары қоғамдық-саяси сипатқа ие Facebook-тегі әртүрлі топтарға сараптама жасалған. Мысалы, төменде Facebook қазақстандық сегментінің ең белсенді 6 тобы ұсынылған, онда пайдаланушылар Н.Назарбаев туралы, қазіргі президент пен басқа да президенттікке кандидаттар мен партиялар туралы пікірлерімен бөліскен.
Бұл жерде желі қолданушылардың тақырыпқа тартылуын лайктердің, жазбаға қалтырылған пікірлердің және жазбаны бөлісу санының жиынтық мөлшері ескеріледі.
Әлеуметтік медианың белсенді пайдаланушылары арасында кезектен тыс президенттік сайлау туралы Тоқаевтің жарлығын алматылықтардың — 28,1% пікір білдірген; сондай-ақ әлеуметтік желілерді саяси белсенді пайдаланушыларының арасында Астана қаласының тұрғындары — 23,1% құрап отыр, Қарағанды облысының және Шымкенттің тұрғындары тиісінше 10,2% және 8,6% көрсетті. Есеп тек орналасқан жері туралы деректер бар авторларға ғана есептелген.
Ал қолданушылардың жас ерекшелігіне келер болсақ, 55 жастан жоғары азаматтар әлеуметтік желіде сайлау тақырыбына белсенділік танытқан. Аталған тақырыпқа қатысты жазба қалдырған желі қолданушыларының әр бір үшіншісі 55 жастан жоғары екен. Бірақ жастар да саясатқа белсенді араласатын көрінеді. Желідегі талқылаулардың төрттен бір бөлігі (23,41%) 25-тен 34 жасқа дейінгі азаматтар. 18 жасқа дейінгі топ тақырыпқа ең аз белсенділік танытқан.
Жарияланымдарды талдау барысында пайдаланушылар талқылаған 6 тақырып анықталды. Көбінесе партиялар мен кандидаттар, Д. Назарбаеваның, президенттік институты, сайлаудың заңдылығы, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер және т. б. туралы айтылды.
Мақалада жазылғандай, сайлау тақырыбын қозғай отырып, авторлар оны өткізу қажеттілігі туралы сыни пікір білдірген. Олар «сайлауда кім жеңетіні белгілі» деген сыңайлы көзараста. Сондай-ақ іс-шараны өткізу үшін ҚР ОСК-ның 12 млрд.теңге сұратуы туралы БАҚ-та пайда болған ақпаратқа қатысты да пікір жариялаған (“очень много”, “пир во время чумы”).
Желі қолданушылары қазіргі президенттің өз еркімен шешім қабылдайтындығына күмәнмен қараған. Ал кезектен тыс сайлау өтетіндігі жарияланған кезде Дариға Назарбаеваның кандидатурасы ұсынылатындығына қатысты желідегілер әңгіме қозғады. Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілді аудиторияның арасында танымал және оның харизмасы мен қазақилығы көбірек айтылған. Әлеуметтік-экономикалық тақырыпқа жазған желі қолданушыларының арасында сыни көзқарастағылары көбірек екен. Желі авторлары Тоқаевтың президенттік өкілеттігіне де, олардың пікірінше, елде ештеңе өзгерте алмайтын реформаларға да күмәнмен қарайды.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024