12-03-21 |
2200 рет қаралған
Әлихан Бөкейхан атындағы аудан пайда болды.
Әлихан Бөкейхан атындағы аудан пайда болды

Қарағанды қаласында бірнеше жылдан бері жыр болған Октябрь ауданының аты ақыры өзгерді. Бұдан былай аталған аудан Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның атымен аталатын болды.

2016 жылы сол кездегі облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан деп атау туралы халыққа уәде берген болатын. Алайда ол да, одан кейін облыс тізгінін ұстаған Ерлан Қошанов та Әлихан Бөкейханды тұғырға қондыра алмаған болатын.

Міне бұл мақсатқа еліміздегі ең жас облыс әкімдерінің бірі Жеңіс Қасымбек жетіп отыр. Бұл енді мақтауға тұрарлық қадам.

Ел арасында Майқұдық деп атап кеткен ауданды Алаш көсемінің атымен атау үшін 15 нысанда қоғамдық тыңдалым өтті. Карантин талаптары қатаң сақталған қоғамдық тыңдалымға 685 адам қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі Октябрь ауданы атауының өзгеруін қолдаған. Әр нысанға елу адамнан артық кіргізбегендіктен көптеген
Енді Октябрь ауданын өзгертуге қатысты халықтың шешімін қалалық маслихат депутаттары 26 наурыздағы сессияда қарайды.

«Дауыс беру кезінде халықтың басым бөлігі қолдады. 26 наурызда қоғамдық тыңдалым қорытындысын қалалық маслихат қараған соң оны облыс әкіміне жібереді. Содан кейін облыс әкімі бұл шешімді Республикалық ономастика комиссиясына жібереді. Заң бойынша солай болады. Ономастика комиссиясы соңғы шешімді қабылдайды», – деп мәлімдеді қалалық маслихат хатшысы Құдайберген Бексұлтанов.

Айтпақшы Октябрь ауданы бұған дейін Сталин ауданы деп аталған екен. Енді міне бұрынғы жендеттің атындағы аудан Әлихан Бөкейханға бұйырыпты. Жалпы Сталин 5 наурыз күні дүниеөмірден өтсе, тап осы күні Әлихан Бөкейхан дүниеге келген болатын. Біздің ойымызша, бұл кездейсоқ жағдай емес болса керек.

Серік Жолдасбай

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.