arasha.kz

Ұлттық баспасөз клубы сатылымға шығарылды

Алматы орталығында орналасқан Ұлттық баспасөз клубының ғимаратын оңтүстік астана билігі аукционға шығарды.

ҚырТАГ» агенттігінің жазуынша, сауда 2019 жылдың 4 қаңтары, сағат 10:00-де өтеді. «Ғимаратты сататын Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, ал ғимаратты кім сатып алуы ықтимал екені әлі белгісіз.

Соңға екі жылда сауда аукциондарды бақылап отыратындықтарын жазған редакия:

«Аукционда барлық қабаттардың детальдарына дейін көрсетілген құжаттар, техникалық паспорт және басқа да құжаттарда 4 (төрт) қабатты деп көрсетілген. Айтып өткеніміздей, Мемлекеттік Сәулет және Құрылыс Бақылаудың талабында екі қабатты күштеп бұзу туралы соттың шешімі бар, сонымен бірге Алматы қаласы Әділет депортаменті сот орындаушысының  баспасөз клубының басшылығына қатысты 3 және 4 қабатты бұзу туралы сот шешімі орындалғандықтан орныдаушы жұмысын доғарғандығы туралы жарғысы бар» -деп жазады ақпараттық агенттік.

Жарияланған ақпаратты «ҚазТАГ» агенттігінің редакциясы ресми сауал ретінде Қазақстанның бас рокуроры Қайрат Қожамжаровқа, қаржы министрі Әлихан Смаиловқа, «Кәсіби бағалаушылардың астаналық палатасы» президум төрағасы О.Н. Яковлеваға жіберетіндіктерін мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Баспасөз Клубы 2016 жылы тамыз айында сот шешімімен бұзылған. Сол жылы бұрынғы Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев және оның ұлы, сол кезде ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры болған Әсет Матаев «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған. Сот шешімімен Сейітқазы Матаев алты жылға, ал Әсет Матаев бес жылға сотталған болатын.

Exit mobile version