15-10-20 |
1510 рет қаралған
Lufthansa техниктері Лукашенконы Чаушескуге теңеді.
Lufthansa техниктері Лукашенконы Чаушескуге теңеді

Германиядағы Lufthansa Technik компаниясының жұмысшылары Гамбургкке ұшып келген Беларусь президенті Александр Лукашенконың ұшағына қызмет көрсетуден бас тартты. EW-001PA деген тіркеу нөмірі бар «Боинг 737» әуе кемесі 13 қазанда Фульсбютель әуежайына қонған. Кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы мәлімдемесін «Бұл Беларусь елінде соғыс қаруымен демонстранттарға оқ атуға бұйрық берген Лукашенкоға тиесілі борт» деп бастаған. Құжатта Лукашенко отставкаға кетсін, демократиялық сайлау өтсін және барлық саяси тұтқындар босатылсын деген талаптар бар. «Біз Lufthansa Technik компаниясының кәсіподақ белсенділері халықаралық ниеттестік дәстүрін ұмытпаймыз, Беларусь жұмысшыларымен біргеміз», – делінген компания кәсіподағы таратқан үндеухатта.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 31 жыл бұрын дәл осы компания жұмысшылары Румынияның диктаторы Николае Чаушескудың ұшағына да қызмет көрсетуден бас тартқан болатын.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.