05-03-19 |
5100 рет қаралған
Педагогтар мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі.
Педагогтар мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім және денсаулық сақтау саласында төмен жалақы алатын қызметкерлерінің жалақсы 30% көбейетінін айтты. 

Елжан біртановтың сөзінше, бүкіл мейірбикелер, төменгі деңгейдегі медициналық қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден бастап 30% көтеріледі.

«Сонымен қатар кейбір жоғары сұраныстарға ие дәрігер мамандар, алғашқы медициналық көмек беру, учаскелік дәрігер, педиатрлар, сонымен қатар перзентханада жұмыс істейтін акушер-гинекологтар, жедел жәрдем дәрігерлердің жалақысын көейтуді жоспарлап отырмыз. 1 шілдеден бастап 225 мың медициналық қызметкердің жалақысы көбейеді», – деді Денсаулық сақтау министрі.

Ал Күләш Шәмшидинов ең бірінші техникалық қызметкерлер, яғни еден жуушылар, сантехниктер, электрик, күзетшілер қарастырылатындығын жеткізді.

«Бұлардың қатарында педагогикалық қызметкерлер де бар. Олар – тәрбиешілер, тәрбиешілердің көмекшілері, балабақшалар мен колледжердің психологтары. Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қызметкерлердің санаттарын және болашақта алатын жалақыларын есептейтін жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», – деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.