arasha.kz

МАГАТЭ 2019 жылы Қазақстанға уран жеткізбек

Фото:TODAY.KZ

Фото:TODAY.KZ

МАГАТЭ 2019 жылы Қазақстандағы қоймаға аз байытылған уранды жеткізуді бастауға ниетті деп жазады ТАСС.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) 2019 жылы Қазақстанда МАГАТЭ АБУ Банкіне Аз байытылған уранды (АБУ) жеткізуді бастауға ниетті. Бұл туралы МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано мәлімдеді.

Оның айтуынша, МАГАТЭ қазіргі уақытта АБУ жеткізуге екі келісім-шартты жүзеге асырады. «Біздің мақсатымыз әлі де АБУ-ны осы жылы МАГАТЭ қоймасына жеткізу болып табылады», – деп мәлімдеді Амано МАГАТЭ Басқарушылар кеңесіне баяндамасында.

2018 жылдың қыркүйегінде Ресей мен МАГАТЭ өкілдері аз байытылған уранды және ілеспе жабдықтарды Ресей аумағы арқылы Қазақстанда МАГАТЭ АБУ Банкіне және одан тасымалдау туралы келісімге қол қойды.

МАГАТЭ Аз байытылған уран банкі Қазақстанда 2017 жылы Өскемен қаласында Үлбі металлургиялық зауытының базасында ашылды. Оны құрудың негізгі мақсаты – МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге ядролық отынды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін, оны өндірудің толық циклін құруға мүдделі емес және таратпау жөніндегі өз міндеттемелерін адал орындайтын тетікті құру.

Exit mobile version