arasha.kz

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы «Ақорда» ресми сайтында хабарланды.

«Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі саласын кешенді реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындауға бағытталған «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», -деп жазылған, және:

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – деп хабарланған сайтта.

Exit mobile version