Президент Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында Қазақстан халқын мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!», – деп жазды Twitter парақшасныда президент.
Айта кетейік, 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні, 2007 жылдан бері аталып өтеді.