«Біздің мемлекетіміз сыртқы кредиторларға 158 млрд доллар берешек, бұл жалпы ішкі өнімнің 90% құрайды. Елдегі еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейінгі әрбір азамат шетелдік «ағатайға» 9 мың доллар қарыз». Ақ жол партиясының басшысы Азат Перуашев «Деловая неделя» газетіне берген сұхбатында осылай деді. Мәжіліс депутаты ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетті тиімсіз пайдаланатынын, оның үстіне шетелден қыруар қарыз алатынын жайып салды. «Министрліктер мен әкімдіктердің жанынан құрылған мекемелер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өз шығындары мен атқарған жұмыстары жайлы парламентке есеп беруі тиіс. Біздің елде мемлекеттік қаржының басым бөлігі бюджеттен тыс, қоғамнан жасырын түрде ұсталады. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық та дәл сол жерде. Сондықтан бірінші кезектегі міндет – мемлекеттік қаражатты парламенттің бақылауына қайтару», – дейді Азат Перуашев. Ақ жол партиясы басшысының бұл мәлімдемесіне қатысты саясаттанушы, дипломат Қазбек Бейсебаев мынандай пікір білдірді. «Бұл билік жүйесіне қарсы шығу. Мен Конституцияның 91 бабында бекітілген бұлжымас принципке қол сұғушылық дер едім. Ақ жол партиясының басшысы бұл тақырыпты неге осыған дейін көтермеген және қимастық танытып жылаған адамға неге айтпаған? Спектакль сияқты болып кетті, кезінде үні шықпай дауыс беріп жүріп енді көзі ашылғандай… Бәлкім, ол бірдеңені сезіп, өзінің саяси көзқарасын өзгерткен болар?», – деді ол.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024