Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезін 2020 жылдың 25 қарашасында өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Бұл тұрғыда экс-президенттің тұңғыш қызы Дариға Назарбаева саясатқа қайта орала ма деген сұрақ туындайды. Саясаттан аяқ астынан кеткен бұрынғы сенат спикері «Nur Otan» партиясының саяси кеңесіне мүше. Желідегі жұрт Дариға Назарбаева үлкен саясатқа қайта оралуы мүмкін деген алып-қашпа әңгімені жиі айтып жүр. Жуықта kz.media сайты Бауыржан Бәйбектің орнына Назарбаева келуі мүмкін деген тұспалдарын айтты. Ал, мәлім кз порталы бұл сауалды саясаттанушы Андрей Чеботаревке қойып көрді. «Бұл Дариға Назарбаева партиялық тізіммен сайлауға түсе ме, соған байланысты. Меніңше, ол саяси өмірден біржолата кеткен жоқ. Депутат болуы немесе партиядағы белгілі бір қызметті атқаруы мүмкін. Бірақ «Nur Otan» партиясының съезін күтейік. Егер партиялық тізімге кірсе, онда қайтып келеді. Кірмесе, қызық жағдай болмақ», — деді Чеботарев.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 2 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жарлығымен Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетін тоқтатқан. Алайда оның саясат сахнасынан не үшін кеткені хабарланбады.
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024