Коронавирус инфекциясының өршуінен Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймаққа кірді. Тағы бірнеше облыс сары аймақта. Елімізде шектеу шаралары күшейтілді.
COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК 22 наурыздағы аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ұсынды.
Бүгінгі күнге індеттің таралуына байланысты Қазақстандағы жағдай:
– «қызыл» аймақта: Нұр-сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы;
– «сары» аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстары;
– «жасыл» аймақта – қалған барлық өңірлер.