23-10-24 |
980 рет қаралған
Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды.
Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28-қазаны мен 3-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

«Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;

«Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;

Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі;

«Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.