05-04-18 |
6430 рет қаралған
Оралмандарды енді кім деп атаймыз?.
Оралмандарды енді кім деп атаймыз?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев «оралман» терминінен бас тарту туралы шешімді қабылдауы тиіс арнайы комиссияның жұмысы жайлы айтып беріпті.

«Оралман» термині жайлы ұсыныстарды депутаттар да, халық та айтып жатыр. Қазір сараптама жүргізілу үстінде. Кейбір елдерде оралмандарды «отандастар» деп атайды, ал кейбір елдерде мүлде басқа терминдерді қолданады. Сараптама қорытындысы бойынша шешім шығарамыз. «Отандас» немесе басқа терминдер қарастырылып жатыр. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеуде. Нәтижесін хабарлаймыз. Тәуелсіздік жылдары кезінде миллионнан аса оралман Қазақстанға көшіп кетті. Олардың көбі Өзбекстаннан келген,» – деді Әлтаев министрліктегі баспасөз мәслихаты барысында.

Дереккөз: ult.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.