Қазақстан президенттігінен үміткер Әміржан Қосанов 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында наразылыққа шыққан көп балалы аналарға қатысты мәлімдем жасады.
«Көп балалы аналар 21 мың теңге үшін әкімдіктің босағасын тоздырмаулары керек». «Хабар» телеарнасындағы теледебатта дәл осылай айттым. Енді аналар Ақордаға дейін жетті! Халықтың осы категорясына қол ұшын созу туралы биліктің мәлімдемесі үкімет пен әкімдіктер тарапынан орындалмай жатқандығын дәлелдейді. Бүгін олар президент әкімшілігі алдына шықты. БАҚ ақпараты бойынша наразыларға ресми өкілдер шыққан. Және бұл дұрыс! Диалог бастау керек! Бірақ оларды полиция қоршағанына қарсымын! Билікке аналармен бұлай сөйлесуге болмайды! Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндіріп тұрмағанына сенімдімін! Көп балалы отбасынан шыққан азамат және ҚР президенттігіне кандидат ретінде мен билікті өз проблемаларының шешілуінен күн өткен сайын үміті үзіле бастаған адамдармен көп кешіктірмей диалог құруға шақырамын! Алдымен формадағы адамдарды алып тастау керек! Бейбіт халықпен күш және форма позициясы арқылы сөйлесуге болмайды!» -дейді Әміржан Қосанов.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы мәлімдесе жасағанын хабарлағанбыз.
«Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет», – деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасына.
Тоқаев ереуілге шыққан көпбалалы аналарға қатысты мәлімдеме жасады
Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы аналар наразылыққа шығып, елбесы Н. Назарбаевпен, ел президенті Қ. Тоқаевпен және премьер-министр А. Мәминмен кездесуді талап етіп, Ақорда алдына жиналған еді. Алайда аталған тұлғалардың еш бірі аналармен кездескен жоқ. Оларға кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Бақыт Сұлтанов, вице-премьер Гүлшара Әбдықалықова және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев шықты. Алайда аналар өз талаптарынан қайтпады. Оларды наразылық шарасы барысында полиция өкілдері Ақорда маңына жолатпады және қоршап алды.
Нұр-Сұлтанда наразылыққа шыққан аналарды полиция қоршап алды
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024