«Оскар» күллі әлем көз тіккен кино саласындағы аты шулы сыйлықтардың бірі. Бұл шараға киномотографияның мамандары тек қана өз өнімдерін көрсету үшін ғана келмейді, сонымен қатар ерекше киім киіп, көзге түсіп қалуды да ойлайды. Осы ретте дизайнерлер де аянып қалмайды.
Биылғы шарада ерекше көзге түскен әсіресе американдық актер Билли Портер болды. Ол «Оскарға» ерекше «смокинг-көйлек» киіп келді. Актердың бұл киімін дизайнер Кристиан Сириано барқыт матадан тігіпті.
When you come to the Oscars, you must dress up. Thanks @CSiriano for creating this custom couture masterpiece. @OscarHeymanBros you have outdone yourselves with your iconic jewels. Style by @sammyratelle Grooming by Anna Bernabe. @TheAcademy #AcademyAwards2019 #oscars #oscars2019 pic.twitter.com/IpTG2OK20x
— Billy Porter (@theebillyporter) February 24, 2019
VOGUE журналының жазуынша, Билли Портер бұрыннан сән әлеміне қызыққан, оның күлкілі образы актердың ішкі көңілкүйін жеткізу үшін жасалған.
Әйел мен ер адам образына бірдей енген Билли Портерді голливудтың танымал адамдары сөз қылып жатыр екен, актер Уилл Смиттің әйелі Джада Пинкетт Смит Билли Портерге алғыс айтып, «Қара Тарих айын» өзгерткеніңе рахмет деп жазыпты.
Саид Джонс есімді американдық ақын Билли Портердің киімінен шабт алып, былай деп жазыпты: «Біз үшін оның өмірінің әр күні бата берген сияқты. Осындай керемет өмір сүретіндерге жақын маңда өмір сүру қандай бақыт», -депті.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024