arasha.kz

«ӨЗІМНЕН АУМАЙТЫН»: НАЗАРБАЕВ АЙСҰЛТАННЫҢ ӨЛІМІНЕ ПІКІР БІЛДІРДІ

Қазақстанның Тұңғыш президенті саясат сахнасына қайта шықты. Сайлау алдында Нұрсұлтан Назарбаевтың марапаттар тапсыруы мен түрлі жағдайларға қатысты пікірі жариялана бастады. Соның бірі – жиен немересінің өлімі.

«Үш қызымнан керемет үш немерем бар. Амал не, биыл бір немеремнен айырылдым, өзімнен аумайтын еді. Сонша ерте кеткеніне өкінемін. Ешқайда да жібермей-ақ қоюға болар еді. Алайда ұстап отыру мүмкін емес еді. Сол істің құлына айналды, тоқтай алмады. Мәскеуде емдедік, Лондонда емдедік. Одан беті бері қарап еді, бірақ қайта кетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш президенті 2020  жылы «Хабар» арнасына сұқбат берген болатын. Назарбаев ойларының бір бөлігі енді жарияланып жатыр.

Еске сала кетсек, 16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаев 30 жасқа қараған шағында Ұлыбритания астанасында жүріп қайтыс болды. Ресми мәліметтер өлім себебін жүрегінің тоқтап қалуымен түсіндірді.

 

Exit mobile version