Армения премьер-министрі Никол Пашинянның әйелі Анна Акопян фейсбуктегі парақшасында «отан шекарасын қорғауға» аттанатынын жазды. Ол 12 әйелмен бірге әскери жаттығудан өтіп, Таулы Қарабаққа баратынын мәлімдеді.
«Бірнеше күннен кейін шекарамызды қорғауға барамыз. Біз отанымыз бен абыройымызды жаудың аяғына таптата алмаймыз», – деді Акопян.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Никол Пашинянның жалғыз ұлы да Қарабақтағы соғысқа аттанған болатын.
Фото авторы: GEVORG PERKUPERKYAN