Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Австрияда қан допингін пайдаланғанын мойындады деп хабарлайды Kurier.
Ақпарат көзінің жазуынша, Полтаранинмен қатар тағы екі австриялық спортшы допинг пайдаланғанын мойындаған. Тергеуден кейін спортшылар үйлеріне жіберілген.
Еске салсақ, 27 ақпан күні Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазастандық спортшы Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысушылар сынына қатысуы тиіс болатын, бірақ спортшы жарыс жолына шыққан жоқ. Оны полиция “допинг ережесін бұзды” деп ұстаған болатын.
Ал 28 ақпанда Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы:
«Полтораниннің допингке қарсы ережелерді бұзғаны толығымен дәлелденбейінше және федерация WADA, ХОК, FIS секілді ұйымдардың Алексейге ресми түрде айып таққанына көз жеткізбейінше, біз спортшымызды қорғайтын боламыз, – деп мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ, Германиядағы сот осы іс бойынша төрт күдіктіні қамауға алуға өкім еткенін хабарлағанбыз.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024