Германиядағы сот бұрын германиялық Эрфурт және австриялық Зефельдте ұсталған допингтік дауы бойынша төрт күдіктіні қамауға алуға өкім етті. Бұл туралы Мюнхен прокуратура өкілі Анне Ляйдинг мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.
«Эрфуртте кеше дәрігер мен оның сыбайласы, ал Зеефельде – осы дәрігердің әкесі мен тағы бір көмекшісі ұсталды. Біз Австриядан экстрадиция сұрадық», – деді прокуратура өкілі.
Сонымен қатар агенттіктің жазуынша, «Мюнхен мен Инсбрук прокуратурасының сұратуы бойынша 27 ақпанда Зефельд пен Германияда операция жасалды, оның барысында жалпы алғанда тоғыз адам ұсталып, 16 тінту жүргізілді», – деп атап өтті австриялық ведомствода.
Еске салсақ, 27 ақпан күні Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазастандық спортшы Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысушылар сынына қатысуы тиіс болатын, бірақ спортшы жарыс жолына шыққан жоқ.
Сол күні Зефельдте полиция «допинг ережесін бұзды» деп Қазақстанның бір, Австрияның екі және Эстонияның да екі шаңғышысын ұстаған.
Бүгін, 28 ақпанда Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы:
«Егер оның допинг қолданғаны расталса, федерация бұл туралы ресми мәлімет жариялайды. Полтораниннің допингке қарсы ережелерді бұзғаны толығымен дәлелденбейінше және федерация WADA, ХОК, FIS секілді ұйымдардың Алексейге ресми түрде айып таққанына көз жеткізбейінше, біз спортшымызды қорғайтын боламыз, – деп мәлімдеген болатын.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024