Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», – делінген хабарламада.
Алайда, президент демалысын нақты қайда өткізетіні айтылмаған.
2021 жылы Тоқаев төрт күндік демалысын Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында өткізді.