Әлібек Әлденей, «Nur Otan» партиясының хатшысы:
Құрметті достар!
Алдағы 1-3 қазан аралығында праймериздің ең жауапты кезеңі өтеді. Барлығымыз үшін партиялық тізімдердегі орындарға күресіп жатқан «Nur Otan» партиясының ең лайықты және беделді көшбасшыларын таңдау міндеті тұр.
Еліміздің барлық өңірлерінде нұротандықтар Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында партиямыз ұсынатын азаматтарды анықтайды.
Қазіргі таңда өтіп жатқан үгіт-насихат жұмыстары барысында барлық рәсімдердің ашықтығы, тең бәсекелестік жағдай қамтамасыз етілуде. Анықталған құқықбұзушылықтар тез арада жойылуда. Теріс әрекеттері үшін кандидаттарды праймеризге қатысудан шығару фактілері де бар.
Дауыс беру Primaries.kz порталында онлайн-форматта өтеді. Осы ақпараттық жүйенің толықтай айқындықты қамтамасыз ететініне баршаның көзі жетті деп ойлаймын. Кез келген уақытта кандидаттардың үгіт науқанымен және олардың қатысуымен өткен пікірсайыстармен танысуға болады. Тиісінше, праймеризге қатысушылардың әлеуеті мен көшбасшылық қабілетін бағалай аласыздар.
«Праймериз» электронды жүйесі дауыс беру процесінде қолдануға толықтай дайын. Партия мүшелерінің деректер базасы өзектендірілді, олардың телефон нөмірлері мен ЖСН-і салыстырыла отырып тексерілді.
Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жетекші мамандары тәуелсіз аудит жүргізді. Жүйені тексеру мақсатындағы тесттік хакерлік шабуылдардан кейін анықталған бірқатар осал тұстар әзірлеушілер тарапынан жедел түзетілді.
Жүйенің қорғаныс қабілетін сарапшылар жоғары бағалап отыр. Оның құпиялылық, анонимдік және шифрлау деңгейі банк клиенттерінің деректер базасын қорғау стандарттарына сәйкес келеді.
Жүйеге сырттан қандай да бір әсер етуге, яғни дауыстарды бұрмалау, нәтижелерге түзету енгізу және тағы басқа әсер ету мүмкіндіктері жоқ.
Дауыс беру шифрланып, кейіннен көрсетілмейтіндігін атап өткім келеді. Бұл технология партия мүшесін «құпия» дауыс беру қағидатын сақтау үшін жасалған. Яғни, праймеризді ашық әрі таза өткізуге бар жағдай жасалған.
Партиялықтар праймериз қатысушыларына бастауыш партия ұйымдарының орналасқан жері бойынша дауыс береді.
Егер дауыс беру барысында бұрмалау, қысым көрсету әрекеттері және кез келген құқықбұзушылықтар анықталса, дауыс беру нәтижелерін жоюға дейінгі тиісті шаралар қолданылады.
Біздің міндетіміз – партия Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Nur Otan» праймеризін партияішілік демократияның нақты тетігі және шын мәніндегі «әлеуметтік лифт» ретінде өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау.
Естеріңізге сала кетейін, дауыс беру 2020 жылғы 1 қазанда сағат 00.00-ден басталып, 3 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Бұл шешімді Праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитеті қабылдаған.
«Nur Otan» партиясының барлық мүшелерін белсенді қатысуға шақырамын. Үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен, олардың үгіт-насихатымен мұқият танысыңыздар.
Әрбір партиялықтың дауысы маңызды. Бұл партияның барлық мүшелері үшін жауапты сәт. Бұл сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыздың көрінісі. Елдің ертеңі мен туған өңіріңіздің келешегін тап қазір өздеріңіз анықтайсыздар.
Естеріңізде болсын – Сіз үшін ешкімнің шешім қабылдауға қақысы жоқ! Таңдауыңыз тек өзіңіздің қолыңызда!
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024