Елімізде электрондық құжаттың қағаз құжатқа баламалығын куәландыру және қағаз құжаттың электрондық құжатқа баламалығын куәландыру көзделеді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның негізгі міндеттері:
- Нотариаттық қызметтердің тиімділігін арттыру, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің жұмысын реттеу нормаларын бекіту;
- Орталықтандырылған электрондық репозиторий жүйесін және нотариаттық құжаттарды сақтау мен жазуға арналған электронды мұрағатты құру;
- Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
- Нотариустың басқару органдарын және олардың өкілеттіктерін егжей-тегжейлі реттеу, жаңа нотариаттық іс-әрекеттерді енгізу;
- Тәртіптік шараларды түсіндіру;
- Нотариустың құқықтары мен міндеттерін кеңейту.
- Нотариаттық қызмет саласындағы заңдылықты сақтау және нотариустардың құқық қолдану практикасында біртектілікті қамтамасыз ету.
Басты мақсат – нотариат саласындағы заңнаманы жетілдіру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық жүйесін қамтамасыз ету.