Мәжіліс 2024 жылғы 20 наурызда Дохада аяқталған Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялады.
Келісімді ратификациялау елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекет экономикасының негізгі бағыттарына жаңа капитал тартуға мүмкіндік береді.
Құжаттың негізгі мақсаты – телекоммуникация, қаржы, энергетика, мұнай-химия және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Бұл қосымша инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда барлығы 9 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның ішінде үш газ өңдеу зауытының, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісінің, жаңа «Кс-14» компрессорлық станциясының және «Кс-14-Қостанай» газ құбырының, Қызылорда облысындағы құрама циклді зауыт негізіндегі электр станциясының, Ертіс өзеніндегі су электр станциясының құрылысы бар.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024