arasha.kz

Қазақстан миллиард доллар қарыз алады

Еуропа қайта құру және даму банкі мен оның серіктестері Қазақстанға «жасыл экономикаға» көшу үшін 1 миллиард доллар көлемінде несие бермек. Бұл туралы malim.kz сайты хабарлады.
«Еуропа қайта құру және даму банкі мен оның серіктестері Қазақстанның электр энергиясын өндіретін жылу электр стансасынан жаңартылатын энергия көздеріне өтуін қолдау үшін елдің оңтүстігіндегі Жаңатас қаласының жанында 100 МВт жел электр стансасын салуға қолдау көрсетеді», — делінген Еуропа қайта құру және даму банкінің сайтында.
Еуропа қайта құру және даму банкі 24,8 миллион доллар бөлмек. Бұл банктің Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін қаржыландыратын II бағдарламасы аясында соңғы келісім болмақ. Сондаай-ақ бұл ақшадан бөлек Азия инфрақұрылымдық даму банкі 34,3 теңге несие бермек. Ал Қытайдың өнеркәсіп-коммерциялық банкі оның үстінен 13,3 миллион доллар қосса, Жасыл климат қоры 22,9 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие береді.
Бұл ақша Жаңатастағы жел электр стансасына бөлінеді, ал бұл жобаға Қытайдың China Power International Holding (CPIH) компаниясы Visor Investments Coöperatief жергілікті холдингтік компаниямен бірге иелік етіп, басқарады.
«Жаңа электр стансасы қоршаған ортаға бөлінетін CO2 көлемін 262 мың тоннаға азайтуға көмектеседі», — делінген хабарламада.
Еуропа қайта құру және даму банкі осы күнге дейін Қазақстандағы 273 жобаға 8,63 миллиард доллар инвестициялаған.
Осылайша 2017 жылы астанада жасыл экономика және жаңартылатын энергия көздері атты ЭКСПО көрмесін дүркіретіп өткізу үшін 1,5 миллиард доллар жұмсаған Қазақстан енді сол жасыл энергия көздеріне көшу үшін бір миллиард долларды сырттан несие түрінде алып отыр.
Фото: Strategy2050.kz

Exit mobile version