Global FirePower-2025 барша елдің әскери күш-қуатына қатысты рейтингті жаңартты. Қазақстан Орталық Азия елдері арасындағы көш бастай отырып, тізімде бір орынға көтерілді.
Zakon.kz сайтының жазуынша, 2024 жылы ҚР 145-тен 58-ші орынға көтерілсе, ал 2023 жылы 63-орынды иеленді.
Бүгіндері 58-ші орында Өзбекстан болса, ал 2025 жылы Қазақстанның әскери әлеуеті рейтингте 57-ші қатарға дейін көтерілуге мүмкіндік берді. Түрікменстан 77-орында, Қырғызстан 105-орында, Тәжікстан 108-орында.