Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет отырысында саланы одан әрі дамыту үшін 7 негізгі бағыт бойынша 79 іс-шараны қамтитын Машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған бекітілген кешенді жоспарына сәйкес жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
5 жыл ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға 600 млрд теңге көлемінде, «ДАМУ» АҚ 50 млрд теңгеге қаржыландыру көзделген, бұл ШОБ-ты коммерциялық банктермен шамамен 370 млрд теңге сомаға қаржыландыруға мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты көлем индексін 2,2 есе, ақшалай өндірісті 4,5 есе, экспорт көлемін – 3 есе, еңбек өнімділігін – 2 есе, инвестицияларды – 1,5 есе ұлғайту бойынша қойылған нысаналы индикаторлар 2029 жылға қарай елдің ЖІӨ-ін екі есеге арттыру бойынша өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Мейрам Пішембаев.
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024
-
11.11.2024