Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының екіжақты кездесуінің қорытындысы бойынша көлік саласының қарқынды дамуы және транзиттік дәліздер мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар туралы айтты.
Кездесуде қаралған басты мәселенің бірі екі ел де белсенді дамып келе жатқан Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің жұмысы. Бұл бағыт Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырады, содан кейін Түрікменстан арқылы Оңтүстік Кавказға жол ашады.
Сонымен қатар біздің еліміз Ақтау және Құрық порттарының мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ресейлік экспорттаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Ресейдің Махачқала портында да тереңдету жоспарлары талқыланды.
Сондай-ақ министр Қытай, Ресей және Қазақстан арасындағы транзиттік ағындарды дамытудағы маңызды қадам болатын Қытаймен шекарадағы жаңа үшінші теміржол өткізу пункті жобасының перспективаларын атап өтті.
«Өткізу бекеттері бойынша бірлескен жұмысты атап өтпеске болмайды. Біз биыл алты өткізу пунктінде жаңғыртуды бастаймыз. Бұл, әрине, олардың өткізу мүмкіндігін 2 есеге немесе одан да көпке арттырады. Біз Қазақстан Республикасының аумағында да, Ресей Федерациясының аумағында да бір мезгілде жаңғырту үшін жұмысты қатар жүргізуді талқыладық. Осы кезеңде бекеттер жабылмай, белгілі бір қалыпта жұмыс істей алатындай етіп жұмыс істеу тетігін әзірлеу талқыланды», — деп түйіндеді Марат Қарабаев.
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025