arasha.kz

Қазақстандық әншілердің төбелесі видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желі пайдаланушылары қазақстандық әншілердің қырғын төбелесін талқылап жатыр. Тойда болған оқиғаның видеосы youtube желісінде жарияланды. Видеода әнші Жеңіс Ысқақованың жүргені анық байқалады. «Жеңіс Ысқақова, Ринат Баситовтарға не жоқ? Карантиннен де, жұрттың әңгімесінен қорықпайды. Жастарға қандай үлгі беріп жатыр», – деді желі пайдаланушылары. Ал, «Қазақконцерт» мекемесінің баспасөз хатшысы Еламан Төрепберген бұл Алматыда түсіріліп жатқан жаңа киноның көрінісі екенін айтты.

 

Exit mobile version