12-02-21 |
2110 рет қаралған
Қазақстандықтарға 77 елге визасыз баруға рұқсат берілді.
Қазақстандықтарға 77 елге визасыз баруға рұқсат берілді

Биыл Қазақстан азаматтары 77 елге визасыз бара алады. Үш жылдан кейін мұндай рұқсат тағы 12 елге беріледі.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәжіліс отырысында халықаралық қатынастар туралы айтты.
«Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру жалғасады. Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдары өкілдерінің БҰҰ және басқа да халықаралық әріптестердің іс-шараларына қатысуы қамтамасыз етіледі. 2021 жылы визасыз режим елдерінің тізімі кеңейіп, 77 елден тұратын болады. 2025 жылы 89 елге дейін көбейтілмек.

2022 және 2025 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіледі. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі. Негізгі стратегиялық әріптестермен қатынастарды нығайту жұмысы өз жалғасын табады», – деді Асқар Мамин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.